04.03.2025, 20:20
Жаңалықтар
Астанада 24 жасар жігіт 100 миллион теңгенің есірткісін сатпақ болған
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: polisia.kz
Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 600 грамнан астам кокаин, 130 грамнан астам каннабис шайыры, 30 грамнан астам каннабис майы тәркіленді», – делінген полиция хабарламасында.
Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
