Куәгерлер көліктің нөмірін көріп үлгермегендерін айтады
Желіде Тараз қаласының орталығындағы жантүршігерлік апаттың видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Тараз қаласының «Торговый» аймағында болған. Видеодан қағып кеткен адамды жедел жәрдем көлікке салып, әкетіп бара жатқанын көруге болады.
Куәгерлердің айтуынша, бәз біреу адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оның нөмірін ешкім көріп үлгермеген.
«Сұмдық жағдай бүгін шамамен 19:15 уақытында болды. Ресми мәлімет әзірге жоқ», – делінген жазбада.