Көкшетауда ер адамды бопсалағандар ұсталып, олардан есірткіге ұқсас түйіншектер табылды (ВИДЕО)
Бопсалау туралы ер адамның анасы полицияға хабарлаған
Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды. Жедел қызметкерлерінің мәліметінше, бопсалау фактісі бойынша өтініш Астана қаласының полициясына түскен. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда тұрғыны белгісіз адамдар ұлын заңсыз ұстап, одан 200 000 теңге бопсалап жатқанын хабарлаған.
Полиция қызметкерлері әйелдің берген мәліметі бойынша қаскүнемдердің жүретін көлігін анықтады. 1 наурызда көрсетілген көлік Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының камералары арқылы тіркелді. Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберілді. Көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылары полицияға жеткізілді.
Іс жүргізу барысында бір жолаушыдан 45 түйіншек табылды, олардың синтетикалық есірткі болуы мүмкін. Тәркіленген түйіншіктер сараптамаға жіберілді.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктінің бопсалау фактісіне қатысы тексеріп жатыр. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.