«Алла шипасын берсін»: Төреғали Төреәлі қатты сырқаттанып қалған

Автор: Дәуренқызы Алма

Тіпті оның төрт қалада жоспарланған концертін кейінге қалдыруға тура келген

Фото: instagram.com/toregalitoreali

Әншінің қал-жағдайы туралы эстрада жұлдызының әкесі хабардар етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Ассалаумағалейкум ардақты ағайын! Қасиетті Рамазан айында ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын.  Адам баласы бүгінгі, ертеңгі күндерінің кестесін Алламен келісімшартқа отырып қоя алмайтыны мәлім. Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарлаған концерттерімізді кейінгі уақытқа шегіндірдік! «Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады» деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым! Бұлттың артыннан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар», - деп жазды ол.

Төреғали Төреәлінің Астана, Алматы, Шымкент және Тараз қаласында жоспарланған концертіне сатылған билеттер түгел қайтарылатын болды.