Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия үшін маңызды құжатқа қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Келісімнің негізгі мақсаты - фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екі мемлекеттің аумағында карантиндік зиянды организмдердің әкелінуі мен таралуын болғызбау үшін өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту.
Өсімдіктер карантині бойынша халықаралық ынтымақтастық екі елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Бұл Келісім карантиндік шараларды жетілдіру және қажетті өзара қарым-қатынасты дамыту мәселелерін қамтиды.