03.03.2025, 00:22
Жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда жолаушылар электр пойызында өрт шықты
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті жолаушыларды құтқарып қалды
Фото: ТЖМ
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Қандратовка станциясында «Петухово (РФ) – Петропавл» бағытымен келе жатқан жолаушылар электр пойызыныңастынан түтін шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға кезінде пойызда 35 жолаушы болған. Алайда өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерініңарқасында түтін вагондарға таралған жоқ.
Төтенше жағдайдың себебі – вагондардың біріндегі дөңгелек қозғалтқышының жануы.
Өрт сөндірушілер оттың одан әрі таралуына жол бермей, доңғалақ астына су жіберді. Адамдарды эвакуациялаудың қажеті болған жоқ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды