02.03.2025, 18:15
Жаңалықтар
Қазақстанның су добынан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде алды
Спортшыларымыз үшінші орын үшін матчта Өзбекстанды сенімді түрде жеңді
Фото: kazsport.kz
Қазақстанның әйелдер құрамасы Қытайдың Чжаоцин қаласында өткен Азия чемпионатындақола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Metaratings-ке сілтеме жасап.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Өзбекстанды 13:6 есебімен жеңді.
Азия чемпионатында ұлттық құрама бес матч өткізді:
Жеңістер:
- Сингапур – 12:6
- Гонконг – 25:6
- Өзбекстан – 13:6
Жеңілістер:
- Қытай – 6:21
- Жапония – 7:26
Турнирдегі сәтті ойындарға қарамастан, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Сингапурда өтетін әлемдік додаға тек финалға шыққан Қытай мен Жапония жолдама алды.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 16:02
Павлодарда дәрігерлер пойыз астына түскен жас жігіттің бір аяғын кесіп алып тастады: ол бәрібір қайтыс болды
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты