Атырауда қараусыз ғимараттан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Марқұмның кім екені анықталып жатыр

Фото: © istockphoto.com

Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Atyrauoil Telegram-арнасына сілтеме жасап.

1 наурыз кешкі уақытта Сырым Датов көшесіндегі қараусыз ғимараттардың бірінен үй-күйсіз адамның мәйіті табылған. Қазіргі таңда марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

«Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары келген. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», — делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам суықтан үсіп көз жұмған болуы мүмкін.