Жігіттердің әрекеті жұртты ашуландырды
Желіде үстілеріне орамал орап, жартылай жалаңаш күйі көшеге шыққан жігіттер видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласында көпшілік жиналатын Арбатта қызық жағдай болды. Басын, денесін орамалмен ғана ораған жігіттер видеоға түсіп қалған.
Жастардың әрекетіне ашуланған халық:
«Қазіргі жігіттерден ұят кеткен», «Қыздар әскерге өзіміз барайық», «Жастарға не болған?!», – деген сынды пікір қалдырып жатыр.