$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да жер үйлерді тонап жүрген қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

БҚО-да жер үйлерді тонап жүрген қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында жеке үйлерді тонады деген күдікпен қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл ақпан айында Орал қаласы мен Бәйтерек ауданында бірнеше ірі ұрлық болды. Қылмыскерлер үш үйге пластикалық терезені ашып кіріп, алтын бұйымдарды (сырға, сақиналар, алқалар және т.б.) және ақшалай қаражатты ұрлаған.

«Ұрлық кешкі және түнгі уақытта үй иелері болмаған кезде жасалғаны анықталды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстың төрт тұрғынын ұстады. Олардың үшеуі бұрын бірнеше рет ұрлық, тонау және алаяқтық қылмыстарын жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.

Ұрланған заттардың бір бөлігі күдіктілер өткізіп жіберген орындардан тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты үш эпизод бойынша алдын ала тергеу басталды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген ПД хабарламасында.

Облыстық ПД мәліметінше, жалпы шығын сомасы 2 миллион теңгеден асады.

Қылмыскерлердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#күдікті #БҚО