Желі қолданушылары әншінің әзілін жылы қабылдады
Белгілі әнші, халық әртісі Нағима Есқалиеваның Роза Рымбаевамен бірге болған көңілді кештердің бірінде айтқан әзілі жұртты күлдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қос әншінің түскен видеосы желіде жарияланып, жұрт арасында қызу талқыланды.
«Құрбым маған ыңғайсыз іш киім киіп алғансың дейді. Сен 70-ке келгенде сенің де омырауың басқа жерде болады деймін. Кешір енді, қазір мұндай размер ешкімде жоқ қой. Бірақ бұл сөзді кім айтқанын айтпаймын», - дейді Нағима Есқалиева.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің бұл әзілін жұрт жылы қабылдады.
«Нағима Есқалиева аңыз адам, жүрген жері әзіл, қалжың, жаны таза адам, мықты әнші», «Әзілқой, бетке айтады», «Ол өзінің қалыбынан өзгерген емес», «Ештеңе жасырмай айтатын адамдарды жақсы көремін, әзілдеп әрине», - деп жазды желі қолданушылары.