«2,1 млрд теңге салық қарызы бар»: блогер Алибеков әнші Бүркітке 20 мың доллар бермек болды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Әнші Бүркіт блогерден тікелей эфир барысында қарыз сұрайды

Фото: Instagram/alibekovkz

Жуырда мемлекетке 2,1 млрд теңге салық қарызы бар делінген блогер Алибеков әнші Бүркітке 20 мың доллар бермек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат беру барысында әнші Бүркіт блогер Бейбіт Алибековтен 20 мың доллар қарызға сұрайды.

«Маған ертеңге дейін немесе екі күнге 20 мың доллар бере аласың ба?» - деп сұрайды Бүркіт.

Блогер әншінің өтінішінен бас тартпай, «жақсы» деп келісім береді.

Айта кетейік, жуырда қазақстандық әнші-блогерлердің мемлекетке 53 млрд теңгеден астам салық қарызы бар екені туралы ақпарат тараған. Ал журналист Михаил Козачков Telegram арнасында жариялаған тізімде Бейбіт Алибековтің салық қарызы 2 млрд 163 млн 537 мың 875 теңге екені көрсетілген.