Қосшы әкімдігі ондаған миллион теңге тұратын жағажайды заңсыз беріп жіберген
Прокуратура заңсыз әрекетті анықтады

Қосшы қаласының қалалық жағажайын орналастыру және оған қызмет көрсету үшін кадастрлық құны 47,6 млн тг болатын 1, 9844 га жерді заңсыз беру фактісі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық прокуратура мәліметінше, 02.06.2024 жылы Қосшы қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы шарт негізінде Қосшы қаласы Сарқырама өзенінің бойында орналасқан жағажай түріндегі мүлікті 5 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берді.
«Бұл ретте Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде осы жер учаскесін пайдалану және оған билік ету құқығы болған жоқ. Осылайша, бөлім басшысы негізсіз шарт жасасып, жерді сенімгерлік басқаруға берді
27.01.2025 жылғы қадағалау актісі бойынша заңсыз жасалған шарттың күші жойылып, Қосшы қаласы әкімінің 29.01.2025 жылғы өкімімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, Сарқырама мен Тайманұлы көшелерінің бойында орналасқан 5 жер учаскелерінде көпірлер мен қоршаулар орнату арқылы мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу фактілері анықталды. Уәкілетті органдар жер учаскелерін қайтару бойынша жұмыс жүргізуде», - делінген прокуратура хабарламасында.