«Қатты сағындым»: туған анасын іздеген бельгиялық Жәнібек мәлімдеме жасады
Ол жазбасында Қазақстанға оралуды қатты аңсайтынын ерекше айтты

Қазақстанда туып, кейін бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек есімімен танымал Мұрат Савелиев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі жазбасында Жәнібек оқырмандарын «қатты сағынғанын» айтты. Ал тағы бір жазбасында Қазақстанға оралуды қатты аңсайтынын ерекше жеткізді.
«Өздеріңізге белгілі, сіздер менің отбасым сияқтысыздар, сондықтан Қазақстанға оралуды қатты аңсайтыным рас. Менің жағдайым жақсы! Бірақ соңғы уақытта туған анамды табуға арнаған әр сәтті, әр сағатты ойлап, алаңдаулы күйде жүрмін. Бұйырғаны болар.
Мен үшін өмір деген – бұл тәжірибе және маңызды естеліктерді сақтау, ұмытпау. Бірақ дәл осындай естен кестпес күндерді бауырларыммен және әке-шешеммен бірге өткізсем, тіпті керемет болар еді.
Сіздер менің жүрегімдесіздер, мен үнемі сіздерді ойлап жүремін. Біз жақын арада жүздесеміз, кездескенше күн жақсы болсын!» - деп жазды бельгиялық Жәнібек.
Айта кетейік, осыған дейін «Анашым, қайдасың?» деп Жәнібек жазбасымен көпшілікті жылатқаны хабарланған болатын.