Энергетика министрі болжамды уақытын айтты
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталатын болжамды уақыты туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Халықаралық тәжірибеде жобалау 3 жылға дейін созылады. Яғни, қандай да бір құрылыс жұмысы туралы айтар болсақ, бәлкім екі жылдың ішінде құрылысын бастап кетерміз. Ал негізгі нысанның құрылысы техникалық-экономикалық негіздемесі, жобалық құжаттамасы және мемлекеттік органдардан тиісті рұқсаттар алғаннан кейін бірден басталады», - деді Алмасадам Сәтқалиев ведомствоның 2024 жылға арналған жұмысының қорытындылары мен 2025 жылға жоспарларына арналған кеңейтілген отырыста.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы алғашқы АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатыны хабарланған болатын.