$ 501.49  525.71  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жүрек мейірімге толады»: Әскер Пириев қазақ халқына алғыс айтты

Ол 365 күн Алғыс айтуды насихаттаған жөн дейді

«Жүрек мейірімге толады»: Әскер Пириев қазақ халқына алғыс айтты
Фото: ҚХА

«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Әскер Пириев 1 наурыз – Алғыс айту күнінде адамдардың жүрегінде мейірімділік күшейіп, айналасына деген сүйіспеншілігі арта түсетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алдымен Жаратқанға сансыз шүкір. Ардақты әкем мен аяулы анама, елім деп тер төккен қайраткерлерге, асыл ұстаздарыма, дархан көңілді қазақ халқыма, тәуелсіздік үшін жанын қиған бабаларымызға, көк туымызды желбіреткен ерлерге, жанұяма, адал достарыма, елім деп еңбек еткен азаматтарға, айбынды жауынгерлерге, ақ халатты жандарға, барша отандастарыма – шексіз алғыс айтамын», - деді Әскер Пириев.

Оның айтуынша, мереке бір күнге созылса да, жыл бойы мейірімділікті насихаттаған дұрыс.

«Алғысты айтушы да, қабыл алушы да ерекше сезімге бөленіп, жүректерде мейірім оянып, адамдар бір-біріне жақындаса түседі. Алғыс айту күні мерекесі бір күн болғанымен, 365 күн бір-бірімізге мейірімді болсақ. Алғыс айтушыларымыз көп болсын!» - деді ол.

Еске салсақ, көктем мезгілінің алғашқы күні атап өтілетін мерекені Қазақстан халқы 2016 жылдан бері атап өтіп келе жатыр. Биыл Алғыс айту күні тоғызыншы жыл қатарынан мерекеленбек.

Серіктес жаңалықтары