$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда шенеуніктерге 30 млн теңге пара бермек болған адвокат небәрі бір жылға сотталды

Ал қала тұрғындары ұзақ жылдарға сотталып кетті

Алматыда шенеуніктерге 30 млн теңге пара бермек болған адвокат небәрі бір жылға сотталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р.Наинбаев пен қала тұрғындары Д.Тұяшев, Г.Сәкенова сотталды. Алматы қаласы Медеу аудандық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикор мәліметінше, олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беру үшін қала тұрғындарын алаяқтық жасағаны және арандатқаны үшін кінәлі деп танылды.

«Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа 4 жыл және Наинбаевқа 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Антикор хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары