Синоптиктер болжамы белгілі болды
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады.
Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында да жауын-шашын болуы мүмкін.
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола облыстарында жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады.
Батыс Қазақстан облысында қар жауып, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту күшінде қалады.