$ 498.69  522.23  5.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейдегі соққыға жығылған оқушының жағдайы: білім басқармасы мәлімдеме жасады

Оқушылар есепке алынып, ата-аналары жазаланатын болады

Семейдегі соққыға жығылған оқушының жағдайы: білім басқармасы мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Семейде 6-сынып оқушысын қатарластары ұрып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлеген оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Білім басқармасының мәліметінше, осы жылдың 24 ақпанында оқушы сабағына қатысқан, ал соққыға жығылғаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген.

Құқық қорғау органдары қазір тиісті шараларды жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша қатысушылар есепке алынып, ата-аналары жауапқа тартылатын болады.

«Абай аудандық білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша бақылаудың әлсіздігі және тәрбие жұмысының жеткіліксіздігі үшін мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жауапкершілігі тексерілетін болады. Жағдай ерекше бақылауда», - деп атап өтті ведомство.

Айта кетейік, осыған дейін мектеп оқушылары топ болып, қатарласын аясыз соққыға жыққан соң мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлегені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары