$ 498.69  522.23  5.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да 8 жасар қызын зорлаған экс-әкімнің ұлы өмір бойына сотталды

Оның кінәсі нақты дәлелдермен дәлелденді

СҚО-да 8 жасар қызын зорлаған экс-әкімнің ұлы өмір бойына сотталды
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында 8 жасар қызын зорлаған экс-әкімнің ұлы өмір бойына сотталып кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі 7152.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 24 ақпанда 29 жастағы Әділхан С-ға қатысты үкім шығарды.

Белгілі болғандай, сотталушы 2024 жылдың маусым айында сегіз жасар қызының дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны зорлаған.

Сотталушының кінәсі айғақтарымен, фотосуреттермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген су заңды күшіне енбеген үкімде.

Басылымның мәліметінше, сотталған азамат «СПК «Солтүстік» АҚ-да бас маман болып жұмыс істеген және Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында әкім болып істеген өңірге танымал адамның ұлы.

Серіктес жаңалықтары