24.02.2025, 22:15
Жаңалықтар
Оралда автобустың екі жолаушысы сөзге келіп, артынша төбелесіп кетті (ВИДЕО)
Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: Видеодан скрин
Оралда автобуста екі жолаушының бірін-бірі аямай ұрған сәтінен видео тарады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода екі жас жігіттің сөзге келіп, артынша бірін-бірі аямай ұрып жатқанын байқауға болады.
«2025 жылдың 24 ақпанында 102 операторына №22 қоғамдық автобуста төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, автобус ішінде белгісіз екі жолаушы жанжал шығарған.
Полицейлер оқиға орнына жеткенде төбелескен жастар түрлі аялдамадан түсіп кеткені анықталды. Қазіргі уақытта төбелескендердің кім екені анықталды.
Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген БҚО ПД хабарламасында.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
29.12.2025, 13:09
Қазақстанда 1991-2021 жылдары қайтыс болған кейбір адамдардың отбасына қатысты маңызды шешім қабылданды
29.12.2025, 11:10
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда он баласы бар отбасылар 173 мың теңге жәрдемақы алады
29.12.2025, 15:03
Абай облысында қасқыр атып алған жас жігіт айыппұл арқалады
29.12.2025, 23:26
Оралда жоғалып кеткен бала базардан табылды
30.12.2025, 09:30
Тоқаев биыл өмірінің 252 сағатында не істегені белгілі болды