Тосынсый ретінде әулеті үлкен той ұйымдастырған
Әкесінің 60 жас мерейтойына тосынсый жасаған ер адам жұрттың алғысына бөленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тосынсый ретінде әулеті үлкен той ұйымдастырған. Ал видеода мерекелік кеш ұйымдастырылған орынға келген әкенің қуаныштан көзіне жас алғанын байқауға болады.
Автор видеосын «Үлкен әкемізге туған күніне тосынсый» деген атаумен жариялаған.
Ал желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірді.
«Ұзақ ғұмыр жасасын!», «Осы дұрыс па енді, жыладым да қалдым ал», «Ғұмыры ұзақ болсын!» - деп жазды желі қолданушылары.