24.02.2025, 16:39
Жаңалықтар
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Ол бүгінге дейін ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болған
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камалов Рамиль Фаткулович төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол – 1976 жылы Торғай облысында дүниеге келген. ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын Ақмола облысы ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы №84 дербес әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы болып бастады.
- 1998 жылы Ақмола облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі №19 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженері болып жұмыс істеді.
- 1998-1999 жылдары – Астана қаласы МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы.
- 1999-2005 жылдары – Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалы өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, бастығының орынбасары, бастығы, өрт сөндіру тобының бас маманы.
- 2005-2006 жылдары – ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы.
- 2006-2014 жылдары – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы, бастығы.
- 2014-2016 жылдары – ҚР ІІМ ТЖК Өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы.
- 2016-2017 жылдары – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
- 2017-2023 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
- 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
28.06.2026, 00:19
Маңғыстауда ауыл үстінен өткен алып шаңды құйын видеоға түсіп қалды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 10:00
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды