24.02.2025, 12:57
Жаңалықтар
Беташарда қалыңдығымен бірге ақ орамалдың астына кіріп кеткен жігіт күлкіге қалды (ВИДЕО)
Видео әлеуметтік желіде жарияланды
Фото: Видеодан скрин
Тойда беташар алдында қалыңдығымен бірге ақ орамалдың астына кіріп кеткен жігіт күлкіге қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Беташар алдында қалыңдық биші қыздармен бірге ақ орамалдың астында той өтетін залға шыққан. Алайда ақ орамалдың астында қалыңдықпен бірге күйеу жігіттің де жүргенін байқауға болады.
Тойдағы бұл жағдайға жиылған қауымның да күліп жатқанын байқауға болады.
Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары видеоға қатысты түрлі пікір білдірді.
«Бірінші рет үйленіп жатқан ғой», «Күйеу жігіт қатты алаңдаған ғой», «Ойбу, ұят болды ғой», «Міне қызық», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды