24.02.2025, 06:16
Жаңалықтар
Ақмола облысында әскери қызметкерлер әріптестерінің көз алдында сотталып кетті
Оларға қандай айып тағылғаны жасырын күйде қалды
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысында әскери қызметкерлер бас бостандығынан айырылды. Олар әріптестерінің көз алдында сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оларға нақты қандай айып тағылғаны құпия күйінде қалды. Бар болғаны олардың ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны ғана белгілі.
Әскери соттың баспасөз қызметі жиынға қатысқан әскери қызметшілер сот процесін өз көздерімен көргені туралы жазды.
«Сот үкімімен сотталушылар К. және А. 6 жылға бас бостандығынан айырылды. М.-ға 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылар К. мен М. дереу қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты