Қазақстандықтар бұл турнирде тек Жапонияға жол берді
Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан жаңа маусымда алғашқы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Отандық спортшылар Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды.
Данил Мұсабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медаль еншіледі.
Қазақстандықтар бұл турнирде тек Жапонияға жол берді. Үздік үштікті Мексика құрамасы қорытындылады.