Қазақстандық конькиші Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Отандасымыз 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті

Фото: Olympic.kz

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ұлттық Олимпида комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы 500 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетті. Оның мәреге жеткен уақыты – 34,52 секунд.

Екінші орынды канадалық Лорен Дюбрель иеленді – 34,70 секунд. Қола медаль польшалық Марек Канияға бұйырды – 34,76 секунд.