$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әкемнен де үлкен адам»: танымал актрисаға «Тамашаның» басшысы көңілдесі болу туралы ұсыныс жасаған (ВИДЕО)

Ол гастрольде жүрген жерінен жұмысынан қуылғанын айтты

«Әкемнен де үлкен адам»: танымал актрисаға «Тамашаның» басшысы көңілдесі болу туралы ұсыныс жасаған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

«Тамаша» ойын-сауық отауында елге танылған актриса Гүлжан Қалыбаева ұжымның сол тұстағы басшысынан ыңғайсыз ұсыныс алып, соның салдарынан кетуге мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса басшысынан қандай ұсыныс алғаны жайлы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында егжей-тегжейлі айтып берді. Айтуынша, өзіне ұятты ұсыныс жасалып, соның әсерінен ұжымнан кетіп қалған.

«Маған «Тамашаның» сол кездегі бастығы екіойлы ұсыныс жасады. Сен басты қаһарманын сомдайсың. «Тамашаның» рөлдері сенікі болады. Бірақ мен «кешіріңіз, ондай болмайды, сіздің жасыңыз менің әкемнен де үлкен» дедім. Ондай болса, көзіңді құрт деді.

Сол кезде гастрольде жүргенбіз. Қателеспесем, Қызылорда немесе Ақтөбе облыстарының бірінде болатын. Қаланың өзінде емес, аудандық жерлердің бірі еді. Бірақ барып тұрған жерімізден мені алып тастап, «көзіңді құрт» деді. Айдалада көк тиынсыз, түннің ортасы, біреуден қарыз алып, машина жалдап, Алматыға қайтқан күнім болды. Содан кейін «Тамашадан» қол үздім», - дейді Гүлжан Қалыбаева.

Серіктес жаңалықтары