$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT»: сайлауалды бағдарлама аясында Жалағаш ауданында 111 отбасы баспаналы болды

Жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 394 пәтерлі 197 тұрғын үй пайдалануға берілді

«AMANAT»: сайлауалды бағдарлама аясында Жалағаш ауданында 111 отбасы баспаналы болды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін сатып алынған 111 пәтерлік 56 тұрғын үй кілті иелеріне табысталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Салтанатты шараға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жаңа пәтер иелерін құттықтады. Облыс әкімі құттықтау сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс, инфрақұрылым салаларындағы жетістіктерді де атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін үнемі айтып келеді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыс бойынша 187 нысанның құрылысы салынуда. Жалағаш ауданында да ауқымды істер атқарылуда. Соңғы 3 жылда Жалағаш ауданына 50 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды. Бүгін міне, 111 пәтерлік 56 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, жаңа қонысты иелеріне салтанатты түрде табыстаудамыз. Елдік мүддеге қызмет етіп, жаңа баспаналарды уақытылы әрі сапалы аяқтаған құрылыс мекемелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Қоныстой құтты болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жалпы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 2024 жылы өңірде 866,8 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл басынан бері әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін Жаңақорған, Шиелі, Арал аудандарында 394 пәтерлі 197 тұрғын үй пайдалануға берілсе, кеше Жалағаш ауданында 111 пәтерлік 56 үй кілті иелеріне табысталды.  

Іс-шарада ел бірлігін бекемдеуге үлес қосқан аға буын ардагерлер мен жаңа тұрғын үйлерді сапалы етіп салған құрылысшылар марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев қоныстой иелерін құттықтап, батасын берді.

Серіктес жаңалықтары