Қостанай облысында 100-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Олардың қатарында 18 бала бар

Фото: ТЖМ

Қостанай облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қар құрсауында қалған 100-ден астам адамды құтқарды. Олардың қатарында 18 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға түнде, Амантоған ауылынан 22 шақырым жерде болған.

«Әулиекөл-Жалдама» тас жолының жабық учаскесінде ТЖМ  қызметкерлері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды. Олардың жетеуі Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізілді. Сонымен қатар сегіз жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылып, тазартылған жол бөлігіне жеткізілді. Сондай-ақ, Сарыкөл ауданында, Соналы ауылынан бес шақырым қашықтықта «Сарыкөл-Комсомольское» тас жолында қарға батып қалған жеңіл көлік эвакуацияланып, ішіндегі екі жолаушы аман-есен құтқарылды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі өңірдегі азаматтарға алыс жолға шықпас бұрын ауа райы болжамын мұқият қадағалауға шақырады.