23.02.2025, 07:38
Жаңалықтар
«Токиоға жету қайдан»: Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша 95-орында
Алматы көрсеткіші – 72,77 Мбит/с

Фото: istockphoto.com
Тіркелген кең жолақты интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан (Алматы) 95-орынды иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
2025 жылдың қаңтарындағы мұндай деректерді интернет жылдамдығын анықтауға арналған веб-сайттардың бірі Speedtest ұсынады.
Алдыңғы рейтингпен салыстырғанда оңтүстік астана 8 позицияға көтерілген, елордамыз өз орнын сақтап қалды (97 орын). Ал Бағдат Мусин кезінде салыстырған Токио 194,46 Мбит/с жылдамдықпен 37-орынға табан тіреді. Біз ТМД елдері арасында Ресей (77-орын) мен Киевтен (83-орын) қалып отырмыз.
ТМД елдері бойынша көрсеткіш:
- Мәскеу, Ресей – 77 орын (95,62 Мбит/с)
- Санкт-Петербург, Ресей – 85 орын (92,81 Мбит/с)
- Минск, Беларусь – 101 орын (83,66 Мбит/с)
- Бішкек, Қырғызстан – 112 орын (72,77 Мбит/с)
- Ташкент, Өзбекстан – 105 орын (82,08 Мбит/с)
- Самарқанд, Өзбекстан – 109 орын (75,91 Мбит/с)
- Баку, Әзірбайжан – 115 орын (67,75 Мбит/с)
- Ереван, Армения – 114 орын (69,02 Мбит/с)
- Киев, Украина – 83 орын (93,73 Мбит/с)
- Харьков, Украина – 93 орын (87,12 Мбит/с)
Ең жылдам қалалар:
- Абу-Даби, БАӘ – 331,46 Мбит/с
- Вальпараисо, Чили – 327,31 Мбит/с
- Лион, Франция – 326,76 Мбит/с
Жылдамдығы ең төмен қалалар:
- 196. Гавана, Куба – 3,18 Мбит/с
- 197. Дамаск, Сирия – 2,59 Мбит/с
- 198. Алеппо, Сирия – 1,99 Мбит/с
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.10.2025, 11:12
«Бір күні қайта кездесеміз»: Кәмшат Жолдыбаева жан сырын бөлісті
18.10.2025, 16:18
Жаңбыр мен қар жауып, үсік жүреді: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
18.10.2025, 21:20
«Алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!»: Мұқасанның сыйлығы Мақпал Жүнісованы қатты қуантты (ВИДЕО)
18.10.2025, 20:00
Ұшақ ішінде түсірілген қорқынышты видео әлеуметтік желіде таралып кетті
18.10.2025, 12:57
Динара Сәтжан қонақтарға зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)
18.10.2025, 22:41
Айтыскер Айбек Қалиевке пәтер кілті табысталды