Олардың айтуынша, көрші елде заң қатаң
Желіде сахна мәдениеті сөз болды. Желі қолданушылары өзбек әртістерін мысалға келтіріп, отандық әншілерді сынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өзбек әншілері, байқайсыздар ма, ашық-шашық киінбейді? Керемет, ғажайып емес пе?!» – делінген желіде жарияланған видеода.
Желі қолданушылары да сондай ойда. Олар Өзбекстанда қатаң заң барын айтып, өзбек халқын мақтады.
«Сахна мәдениетін сақтаған халық», «Өзбекстан халқы мықты ғой!», «Ашық киінсе, лицензиясын алып қояды, заң күшті ол жақта», «Иманы мықты, тәрбиесі күшті», – деп жарыса жазды желідегілер.
Расымен де, Өзбекстанда әртістердің қызметі «Мәдени қызмет пен мәдени ұйымдар» туралы заңымен реттеледі. Ондағы 21-бапта концерт, той-томалақ кезінде әртіске қойылған талаптар нақты жазылған.
Концерттік-сауықтыру іс-шараларында, сондай-ақ тойлар мен өзге де мерекелерде: