Құжат «АшықНҚА» порталында талқылау үшін жарияланды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі некені тіркеу кезінде азаматтардың «ата-аналар мектебінен» өтуін міндеттеуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл бастама «АшықНҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылған «2023–2025 жылдарға арналған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарға» енгізілген түзетулер жобасында қарастырылған.
Қазақстандықтар бұл ұсынысқа 2025 жылдың 26 ақпанына дейін өз пікірін білдіре алады.
Жобаға сәйкес, «ата-аналар мектебінде» оқыту тек некеге тұру кезінде ғана емес, сонымен қатар ата-ана болудың бірнеше негізгі кезеңдерінде міндетті болуы мүмкін:
Оқыту отбасын қолдау орталықтарында өткізіледі. Бұл орталықтарда ата-аналар тәрбие, бала күтімі мен психологиялық мәселелер бойынша кеңес ала алады.