21.02.2025, 22:00
Жаңалықтар
Жарақат алғандар көп: Астанада автобустың қатысуымен жантүршігерлік апат болды (ВИДЕО)
Автобус бағанаға соғылған
Фото: видеодан кадр
Елордада автобус бағанаға соғылып, жантүршігерлік апат болды. Қазір онда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Астанадағы жантүршігерлік апат – автобус бағанаға соғылған. Жарақат алғандар көп, бірақ бәрі тірі», – делінген Михаил Козачковтың Telegram-дағы парақшасында.
Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған.
«Оқиға кезінде автобуста шамамен 25 жолаушы болған. Апат салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды