Семейде 15 жылға сотталған педофил өтірік ауырып, ауруханадан қашып кетпек болған

Автор: Асыл Арман

Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Семейде педофил бойынша 15 жылға сотталған Руслан Ноғаев өтірік ауырып, ауруханаға түскеннен кейін қашып бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол осыған дейін кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін 15 жылға сотталған.

Тұтқынның денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілгені хабарланды. Ол осы сәтті пайдаланып, қашып кетпек болған, бірақ тез арада ұсталды.

«Семей қаласында денсаулығының нашарлауына байланысты азаматтық медициналық мекемеге орналастырылған сотталушы қашуға әрекеттенген. Шұғыл қолданылған шаралардың нәтижесінде ол бірден ұсталды», - деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тергеу жүріп жатыр.