$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Емтиханнан өту – 20 мың»: Ақтөбе колледжі директоры 108 студенттен 500 мың теңге жинаған

Директордың  бас бостандығы 2,5 жылға шектелді

«Емтиханнан өту – 20 мың»: Ақтөбе колледжі директоры 108 студенттен 500 мың теңге жинаған
Фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласының №2 соты «ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің» директоры Гүлбану Тәкішеваны коммерциялық пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Azattyq Rýhy HALYQSTAN желісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Тәкішева 2023 жылы орынбасарына 2024 жылғы түлектерден белгілі бір сомада ақша жинауды тапсырған. Студенттер өндірістік практиканы аяқтағаны туралы белгі үшін 10 мың теңге, сессиядан өткені үшін 5 мың теңге, ал мемлекеттік емтихандарды қиындықсыз тапсыру үшін 20 мың теңге төлеуі керек болған.

Тапсырма топ кураторларына жеткізіліп, нәтижесінде 108 студенттен 500 мың теңге жиналған. Бұл қаражат директордың орынбасары арқылы Тәкішеваның қолына берілген. Кейін ол тағы 1 миллион 90 мың теңге алған кезде ұсталды.

Сотта Тәкішева өз кінәсін мойындамады. Алайда студенттер емтихан тапсырмай, ақша бергендерін растады.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары