28.05.2020, 23:29
Жаңалықтар
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 29 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында 29-30 мамырда шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады. Түркістан қаласында да 29-30 мамырда күндіз шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі сақталады.
Сондай-ақ, ертең Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болатыны айтылады. Облыста күндіз 35-37 градус ыстық болады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
