Әзербайжандық әнші Роза Зергерлі «Қызық премия» бағдарламасында қонақ болған еді
Сахнада ол жүргізуші Еркебұлан Мырзабекті еркелетіп, әзілкешті әбден ұялтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Роза Зергерлі сахна төрінде әзілі жарасқан Еркебұланды «тәп-тәтті өзі» деп еркелетті. Абдырап қалған әзілкеш, тіпті сөйлей алмай қалды.
«Маған ешкім «тәттісін» деп айтып көрмепті, көп болса «қабақсың» дегенді естуші едім. Мен не айтарымды білмеймін. Мұндай сөз есту, әсіресе сізден – бөлек әңгіме», – деді актер.
Әнші де қарап қалмай, «дәмнің тәттісі – майлысы» деп, бешбармақты жақсы көретінін айтып, жүргізушіні тағы бір мақтады.