Путин мен Трамп ақпанның соңында кездесуі мүмкін
Оған Ресей дайындалуы керек

Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песковтың айтуынша, Дональд Трамп пен Владимир Путиннің кездесуіне дайындық жүргізу үшін РФ сыртқы істер министрлігі тарапынан белгілі бір дайындық қажет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі басты міндет – екіжақты қатынастарды қалпына келтіру. Бұл қатынастарға бұрынғы АҚШ әкімшілігі әдейі зиян келтірген, сондықтан оларды алдымен қалпына келтіріп, содан кейін нығайту қажет. Қазіргі уақытта бұл қатынастар өте қиын жағдайда», – деді Песков.
Ресейлік БАҚ хабарлағандай, ол Украина мәселесі бойынша Ресейдің келіссөз жүргізушісін Путин АҚШ-тың тағайындайтын өкіліне қарай таңдайтынын айтты.
«Алдымен америкалық тарап Украина мәселесі бойынша басты келіссөз жүргізушісін хабарлайды. Сол адамның кім болатынына байланысты, біздің президент оған қарсы келіссөз жүргізетін өкілді тағайындайды», – деп түсіндірді Песков.