Барлық техника Беларусьте жасалған
Лукашенко ливиялық фельдмаршалға тракторлар мен автобустардың сертификаттарын табыс етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Ливия ұлттық армиясының Жоғарғы бас қолбасшысы, фельдмаршал Халифа Белқасим Хафтарға Беларусьте жасалған он МАЗ 206 автобусы мен он BELARUS 820 тракторының сертификаттарын табыс етті.
Хафтар Беларуське ресми сапармен барды. Кездесу барысында Лукашенко оған техникадан бөлек беларусь өнімдері мен кәмпиттерден тұратын қоржынды сыйға тартты. Өз кезегінде Хафтар Беларусь президентіне қылыш сыйлады.