Тоқаев ресми сапармен Иордан Хашимит Корольдігіне барды

Автор: Дәуренқызы Алма

Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды», – делінген Ақорда хабарламасында. 

Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.