Тағы бір ұшақ апатқа ұшырады: 3 адамның жағдайы ауыр (ВИДЕО)
Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ

Миннеаполистен келген Delta Airlines әуе компаниясының Bombardier ұшағы дүйсенбі күні Канаданың Торонто әуежайына қонар кезде аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген фото және видео материалдарда ұшақтың ұшып-қону жолағына жақын жерде төңкеріліп жатқаны көрінеді. Өрт сөндірушілер ұшаққа көбік шашқанымен, ашық жанып жатқан өрт жоқ.
Жедел жәрдем қызметкерлерінің мәліметінше, кем дегенде сегіз адам жарақат алған. Олардың ішінде бір бала мен екі ересек жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақ бортында 80 жолаушы болған. Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Әуежайдың баспасөз қызметі де адам өлімі тіркелмегенін хабарлады, алайда бұл туралы соңғы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.