«Қазақмыс» шахтасындағы апат: 6 қызметкердің денесі табылды

Автор: Дәуренқызы Алма

Олардың жеке басының ақпараты анықталып жатыр

Фото: istockphoto.com

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС алты жұмыскерінің денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

Жетінші адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Оқиға орнында Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары тобы жұмыс істеуде.