$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әуежай, су тұшытатын зауыт, туристік жаңа маршрут: Кендірлі қалай дамитын болады?

Әуежай үшін 599 гектар жер бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды

Әуежай, су тұшытатын зауыт, туристік жаңа маршрут: Кендірлі қалай дамитын болады?
Фото: welcome.kz

Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың айтуынша, Кендірлі ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарды түзету жұмыстары 2025 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аймақтың туристік және экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында көлік қатынасын жақсарту шаралары қолға алынуда. Атап айтқанда, «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі – Түркіменстан шекарасы» бағытындағы 156 шақырымдық автожол қайта жаңартылмақ.

Сонымен қатар Кендірліде жаңа әуежай құрылысы басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әуежай үшін 599 гектар жер бөлінді. Жоба аяқталған соң әуежай жылына 30 мыңнан 60 мыңға дейін жолаушы қабылдай алады.

Кендірлідегі маңызды жобалардың бірі – тәулігіне 50 мың текшеметр су тұшытатын зауыттың құрылысы. Бұл кешен 2025 жылдың мамыр айында іске қосылады.

Курорттық аймақты дамыту өңір экономикасына да оң әсер етпек. Жоба аясында жылына 600 мыңнан астам турист тарту жоспарланып, 15 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай инфрақұрылымды жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындауды тапсырды.
 
«Мемлекет басшысы Кендірлі демалыс аймағын дамыту жұмыстарын жеделдетуді тапсырған болатын. Басты міндет – инфрақұрылымды дамыту, одан кейін туристерді тарту. Сондықтан барлық шараларды жүйелі түрде іске асыру қажет», – деді өңір басшысы.

Серіктес жаңалықтары