«Балама келінім жала жапты»: әкесі зорлаған 12 жастағы қыздың әжесі мәлімдеме жасады

Автор: Дәуренқызы Алма

Қыздың әжесі мен тәтесі сұхбат беріп, баласын кінәсіз деп отыр

Фото: видеодан кадр

Алматылық 38 жастағы келіншек күйеуі туған қызын зорлағанын айтып, шындықты ашуға журналист Руслан Өтепбайға көмекке жүгінген болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Руслан Өтепбайдың YouTube-тегі арнасына сілтеме жасап. 

Журналист зорланған қыздың туған әжесі мен апайынан сұхбат алды. Олар Әлібектің кінәсіз екенін айтып, бәрін жоққа шығарды.

Әлібектің әпкесі келіні мен қыздарының шындығын біле алмағанын айтты.

«Жанат оқиға болған күннің ертесі звондаған. Қайтадан бөлімшеге баруымды өтінді. Сол кезде бәріміз қыздары да бар бөлімшеге бардық. Сол кезде сол зорланды деген қыз әкесімен қатты сөйлескісі келді. Қайта-қайта басын шайқай берді. Қызын әңгіме тартып, шындықты білгім келді. Бірақ қыз тек жылай берді. Ал анасы болса бөлімшеде арызын қайтарғысы келетінін айтты, бірақ та полицейлер бермегенін айтқан», - деді айыпталушы Әлібектің әпкесі.

Әжесінің айтуынша, немересінің жүріп жүрген жігіті болған. Соны біліп қалған әкесі қызын соққыға алған. Әкесіне ренжіген қыздар осындай қадамға баруға бел байлаған.

«Баламды келінім кінәлап жатыр. Зорламаған қызды зорлады деп мойындатамын дейді. Сотта келінімнің өзі қызымның жүріп жүрген жігіті бар, түнімен қыдыратынын да растаған. Алайда солай деп отыра балама неге жала жапқанын түсінбедім. Балам ішпейді де шекпейді. Баламның атында екі қабатты үйі бар астында машинасы бар. Сол дүние-мүлікті алу үшін кінәлап отыр. Жанат келінімнің бұндайға баруының себебі сол жай үшін деп ойлаймын», - дейді әжесі.