$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлытаудағы апатқа байланысты екі облыстың құтқарушылары күш біріктірді

Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында

Ұлытаудағы апатқа байланысты екі облыстың құтқарушылары күш біріктірді
Фото: ТЖМ

Кенiштегi ТЖ салдарын жоюға көмек көрсету үшін қосымша «АСС Сериктес» ЖШС құтқарушылар тобы жіберілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ командалық орталығының, Ұлытау облысы ТЖД базасында және оқиға орнында жедел штабтар жұмыс істейді. Ақпарат алу үшін «жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды: 8 (7172) 55-96-21.

«ТЖМ Командалық орталығында бейнеконференциялық байланыс арқылы авариялық-құтқару жұмыстары бойынша жедел штабтардың іс-қимылдары үйлестірілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, Ұлытау облысы ТЖД бастығы Есен Байыров, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев оқиға орнында», – деді комитет бас маманы Бексұлтан-Али Рахымбаев.

Серіктес жаңалықтары