Сотта әйел өз кінәсін мойындады
Ұлытау облысында танысын пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты. Ол 9 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот материалдарына сәйкес, өткен жылдың қазан айында сотталушы Б. досы А.-мен бірге үйде алкогольдік ішімдік ішкен. Кенеттен араларында жанжал туындап, әйел ас үй пышағын алып, жігіттің кеуде тұсына сұғып алған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Сонымен қатар денсаулығының нашар екенін алға тартып, жазасын жеңілдетуді сұрады. Алайда сот оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және заттай дәлелдемелермен расталғанын атап өтті.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.