$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Мен үкіметтен қорықпаймын»: Еркебұлан Тоқтар даулы видеоға жауап берді

Актер бұған дейін халықты үкіметтің жұмысына араласпауға шақырған болатын

«Мен үкіметтен қорықпаймын»: Еркебұлан Тоқтар даулы видеоға жауап берді
Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Халықтың наразылығынан кейін Еркебұлан Тоқтар даулы видеоға қатысты пікірін білдірді

«Мен өзімнің шынайы ойымды айттым. Көбісі «үкіметтен қорықады» деп жазып жатыр екен. Мен үкіметке жұмыс істеп жатқан жоқпын, үкіметтің киносында ойнап, лигасында жұдырықтасып жүргенім жоқ, сондықтан мен азатпын, үкіметтен қорықпаймын. Екіншіден, хейттен қорқар болсам, халық қалағанын айтып жүрер едім, бірақ мен шын ойымды айттым. Бұл – менің жеке позициям», – деп жауап берді күресші.

Сонымен қатар актер елмен бар қиындықты көргенін, 15 жыл бойы отбасы қарыз шырмауында болғанын айтып берді.

«Менің әке-шешем өмір бойы базарда жұмыс істеді. Кейін карантин деді, басқасы деді – ақша бітіп, отбасымыз қарызға батты. Бауырым болса, 4 жыл оқыған мамандығы бойынша 250 мың теңгеге өмір сүріп жүр. Екі баласын асырауға жетпейді. Жетпегеннен кейін ағылшыннан сабақ беріп, АҚШ-қа виза жасап күн көріп жүр. Мен де актерлікпен айналысып, күресе аламын-ау деп лигада жүрмін. Айтайын дегенім, біреуді кінәлі еткенше, өз қолымнан келгенін істеп жатырмын. Құн салығына келер болсақ, ол төңірегінде ақыл айтатын менің білімім жоқ», – деді Тоқтар.

Серіктес жаңалықтары