Актриса әлеуметтік желіге видео жариялады
Танымал режиссер Ақан Сатаевтың лесбиянка болып кетті деген бұрынғы әйелі, танымал актриса Назира Бақаева мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актриса видеосының бетіне «Өсекшілер, крысалар, кетіңдер!» деп жазды.
«Сонымен, құрметтілерім менің. Оқырмандарымды тазалап жатырмын. Tiktok мені блокқа жіберді. Жазбаларымды тым көп өшіріп жатыр екенмін. Сіздерге жүгінгім келіп отыр. Егер айтқанымды түсінбейтін хейтер болсаңыздар, өздеріңіз шығып кетіңіздер», - дейді Назира Бақаева.
Айта кетейік, осыған дейін Назира Бақаеваның ЛГБТ мүшесі болып кеткені, ал артынан оның танымал әнші Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелінен туған қызымен көңіл жарастырып жүргені туралы мәлімет тараған болатын.