17.02.2025, 07:43
Жаңалықтар
Автобус жүргізушісі көліктен шығып, өтіп бара жатқан адамдарды соққыға жыққан
Бішкек қаласында қоғамдық көлік жүргізушісі жолаушыны ұрған
Фото: видеодан кадр
16 ақпанда Бішкек қаласының Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына азамат А.А.-дан 7 сәуір мен Анкара көшелерінің қиылысында қоғамдық көлік жүргізушісі себепсіз дене жарақатын салғаны туралы арыз түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.
Қырғызстан ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында 40 жастағы О.Б. ұсталып, тергеу қызметіне жеткізілген. Кейін ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында күдіктінің қаланың түрлі аудандарында осыған ұқсас бірнеше қылмысқа қатысы бары анықталды.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)